Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың салдарынан АҚШ әуежайында ұзын сонар кезек пайда болды (фото)

Опубликовано:

Коронавирустың таралуына байланысты шекараның жабылуына орай үйлеріне қайтып келген америкалықтар АҚШ-тың Еуропа елдеріне ашық 13 әуежайын лық толтырды. Олар ұзын сонар кезекте 6 сағаттан артық тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Коронавирус: америкалықтар үйлеріне қайтып жатыр
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Коронавирус індеті жайлаған Еуропа елдерінен үйлеріне ұшып келген америкалықтар АҚШ-тың 13 әуежайында үлкен кезекті құрады.

Коронавирус: америкалықтар үйлеріне қайтып жатыр
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Дональд Трамп Шенгендік аймақта болғандарға елге кіруге тыйым салынған соң, АҚШ азаматтары жаппай үйлеріне қайта бастаған.

Коронавирус: америкалықтар үйлеріне қайтып жатыр
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Ұшып келгендерді тексеру уақыты көбейген, алайда оларды коронавирустың белгілеріне тексермеген. Daily Mail басылымы хабарлағандай, елге келген америкалықтардан арнайы сауалнаманы толтырып және қай елде болғанын көрсетуді сұраған.

Коронавирус: америкалықтар үйлеріне қайтып жатыр
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Одан бөлек, оларға дәрігерге барып тексерілуге кеңес берілді. Айта кету керек, әуежай қызметкерлері мен шекара бақылаушыларының елге келгендердің барлығын тексеруге уақыты болмаған.

Әлеуметтік желіде жолаушылар әдуежайда антисептик, медициналық маска мен қолғап жоғын айтып, шағыманған. Көптеген адам мұндай кезде коронавирус жұқтыру алу қаупін ойлап, сол себепті алаңдаулы болған.

Әйтсе де, әуежай басшылығы Daily Mail басылымына ұшып келгендердің барлығын үкіметтің қаулысына сәйкес тексеріп, тиісті ережелер сақталып жатқанын айтқан.

АҚШ азаматтары мен грин-карт иелері тек осы 13 әуежайдың біріне ғана ұшып келе алатынын мүмкіндік бар. Осындай жағдайдың орын алуы да сол себепті.

Айта кетейік, Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді. Осыған орай сыртқы істер министрлігі елімізге кіру және шығудың шектелуіне байланысты пікір білдірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845606-koronavirusty-saldarynan-aks-uezajynda-zyn-sonar-kezek-pajda-boldy-foto/

pixel