RU

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Асхат Шахаров Ақтөбе қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбенің жаңа әкімі тағайындалды

Фото: facebook.com/gani.zhapishov

Асхат Шахаров 1978 жылы дүниеге келген. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын "Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы спорт жаттықтырушысы", 2002 жылы - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "Халықаралық деңгейдегі экономист" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Экономика ғылымының кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорттық пәндер кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

Әр түрлі жылдар Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, Ақтөбе облыстық Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры болып қызмет еткен.

2013 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі 2017-2019 жылдар Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің қызметін атқарып келді. Аймақ басшысы Мавр Абдуллиннің басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Бағдат Мусин президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
Mailfire view pixel