RU

Тоқаев: Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға отандық телеарналар арқылы үндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Президент елде Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қабылданған шараларды түсіндіріп өтті.

Ол жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

"Бұл уақытша індет. Бұл індетпен күресуге барлық мүмкіндіктеріміз жетеді. Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін.
Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін мықты екенімізді көрсетуіміз керек. Сондықтан, бәріміз бір адамдай жұмылып, бір адамдай күресуіміз керек",- деді ол.

Мемлекет басшысы ТЖ режимі білім беру үдерісіне өз түзетулерін енгізетінін, алайда балалардың денсаулығы мемлекет үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин елде не себепті төтенше жағдай режимі енгізілгенін түсіндіріп өтті.

Оның сөзінше, шектеу шаралары вирустың ел аумағында таралуының алдын алу үшін сондай-ақ, қазақстандықтардың игілігі үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтау үшін жасалуда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз
Mailfire view pixel