RU

Тоқаев: Жалған ақпарат таратқандар заңға сәйкес жауапқа тартылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Бұл туралы Тоқаев қазақстандықтарға отандық телеарналар арқылы үндеу барысында айтты.

"Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек.
Біз осы жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін көрсетуіміз қажет. Татулық пен тұтастықтың арқасында кез келген қиындықтан шығуға болады. Сондықтан бәріміз бір адамдай жұмылып, қауіпті індетпен күресуіміз қажет. Береке мен бірлік бәрін де жеңеді", - деді Қазақстан президенті.

Айта кетейік, күні кеше Қазақстанның барлық аумағында коронавирустың салдарынан төтенше жағдай жарияланды.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың телеарналар арқылы үндеу жасайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845619-tokaev-zalgan-akparat-taratkandar-zaga-sjkes-zauapka-tartylatynyn-ajtty.html