Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндірді

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жолдап, мемлекет аумағына енгізілген төтенше жағдай режимі жөнінде пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ: Original
"Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. 

Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет.

Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. 

Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірден тұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет. Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз осындай сәтте сыналады.

Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды.

Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты. Қаражат бар", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1845622-tokaev-elimizde-engizilgen-tz-saralaryn-tsindirdi/

pixel