Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты телевизия арқылы жасаған үндеуінде бірқатар маңызды мәселені көтерді. Ол күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейтінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.
Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.
Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.
Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845629-tokaev-kndelikti-ttynatyn-tauar-bagasyn-negizsiz-kymbattatuga-zol-berilmejdi.html