RU

Президент: Халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдадық

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимі 30 күнге созылатынын, биліктің бұндай шешімді халықтың денсаулығы үшін қабылдап отырғанын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

"Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды.
Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент: Халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдадық
Mailfire view pixel