RU

Дәрігерлер төрт жасар баланың асқазанынан 20 магнитті шар алды

Рассказать Вконтакте

Мәскеудің Ноябрьск қаласында дәрігерлер төрт жасар баланың асқазанынан 20 бірдей магнитті шарларды алып шықты. Қазіргі таңда оның өміріне еш қауіп жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Төрт жасар бала 20 магнитті шарларды жұтып қойды

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, балақайдың ата-анасы ұлының 250 магнитті шармен ойнап жүріп, олардың жартысын жұтып қойғанын байқаған кезде дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

"Баланың ас қорыту жолына түскен шарлар ішек пен асқазанның қабырғалары арқылы бір-біріне жабысқан, олар ақыр соңында ішекте ойық тудырып, маталарды қысып тастады... Баладан бөгде денелерді алып тасату үшін лапаротомия жасалды. 20 магнитті шарлар жойылды. Қазір оның өміріне еш қауіп төндірмейді, ол ауруханадан шығарылды", - деп хабарланды медициналық мекемеде.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда екі жыланбалықты тірідей жұтқан ер адамның ажал құша жаздағаны туралы жазған едік.

Ер азамат іші ауырып, дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған. Белгілі болғандай, жыланбалықтардың біреуі тірі болып шыққан. Ол сыртқа шығу үшін ер адамның ішегін кеміруге тырысқан екен.

Дәрігерлер ер азаматтың жолы болғанын айтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дәрігерлер төрт жасар баланың асқазанынан 20 магнитті шар алды
Mailfire view pixel