RU

Тоқаев экономикалық дағдарыс жайында: Біздің резервте 90 млрд доллар бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға мәлімдеме жасап, елде Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар жайлы баяндады. Өз сөзінде президент мемлекетте барлық әлеуметтік міндеттемені орындау үшін қаражат жеткілікті екенін түртіп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Президенттің сөзінше, коронавирус әлемдік экономикаға кері әсерін тигізді. Ал Қазақстан күрделі дағдарыс зардабын шегіп отыр.

Сондықтан, мемлекетіміз әлеуметтік қысым деңгейін төмендететін және артуына жол бермейтін тиісті шараларды орындауға кірісті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің халықаралық резервінде шамамен 90 млрд АҚШ доллары бар.

Бұл - Қазақстан экономикалық тұрақтылығы мен мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауының сенімді кепілі.

Одан бөлек, президент бюджет шығындары жұмыспен қамту және кәсіппен қамтамасыз етуге максималды тиімділік беретін бағыттарға арналатынын айтты. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мен жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 млрд теңге бөлінеді.

"Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайды. Оған қаражат бар. Менің тапсырмам бойынша, үкімет резервінен дәрі-дәрмектер мен жүйе тестін, қажетті құралдарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті",- деді президент.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845638-tokaev-ekonomikalyk-dagdarys-zajynda-bizdi-rezervte-90-mlrd-dollar-bar.html