RU

Қытай: Тұрғындар вирусты енді шетел азаматтарынан жұқтыруы мүмкін

Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Гэн Шуан коронавирус импортының қауіптілігіне байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап.

Қытай СІМ: Тұрғындар вирусты шетел азаматтарынан жұқтыруы мүмкін
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Вирус таралуының негізгі факторларының бірі – Қытай тұрғындарының шетелден келген азаматтардан жұқтыруы.

СІМ өкілінің айтуынша, үкімет Қытай азаматтарын да, шетелден келгендерді де бірдей тексереді.

15 наурыз күні АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының аллергия және инфекциялық аурулар институтының басшысы Энтони Фаучи Қытайда коронавирус эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін деген болатын.

Оның ойынша, қайтадан ауру жұқтыру қаупі мемлекет қамсыз өмірге аяқ басқанда өсе түспек.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей Федерациясында COVID-19 вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны 93-ке жеткені туралы хабарладық. Әзірге олардың төртеуі ғана дерттен айыққан.

Сонымен қатар, Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған телевизиялық үндеуін жолдады.

Айта кетейік, медицина ғылымдарының докторы коронавирустан қорғанудың жолын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845642-kytaj-trgyndar-virusty-setel-azamattarynan-zktyruy-mmkin.html