Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ерлі-зайыптылардың денесі үйіндегі төсектен табылды

Опубликовано:

Ақмола облысында сот медициналық сарапшылар екі адамның өліміне не себеп болғанын анықтап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақмола облысында ерлі-зайыптылардың денесі табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұланды облысы әкімдігінің хабарлауынша, демалыс күні Макинск қаласындағы жекеменшік жер үйде ер адам мен әйелдің денесі табылды.

Бұл күдікті жайтты көршілері алғаш байқаған. Себебі соңғы бірнеше күн бойы үйден ешкім шықпаған әрі онда ешкім кірмеген көрінеді.

Оқиға орнына жеткен полиция төсек пен диванда жатқан 38 жастағы ер мен 50 жастағы әйел адамның денесін тапқан. Олар азаматтық некеде болған.

Қайтыс болғандардың денесінде зорлық-зомбылық іздері анықталмады.

Алдын ала тексеру нұсқасы бойынша, олар баллоннан шыққан газдан уланған.

Үйде пропанның ащы иісі сол күйі кетпеген. Оқыс оқиға үй иесі тамақ әзірлеп жатқанда орын алуы ықтимал. От сөніп, газ шығуын тоқтатпаған болуы мүмкін.

Қазір қайтыс болғандардың денесі сот медициналық сараптамасына жөнелтілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған қыз баланың денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматыда түнгі уақытта итін серуендетуге кеткен 16 жастағы жасөспірімнің денесі табылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845657-akmola-oblysynda-erli-zajyptylardy-denesi-jindegi-tsekten-tabyldy/

pixel