RU

Коронавирус қаупі: Павлодар маңында АҚШ-тан келген азаматты үйінен алып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде Павлодар облысындағы медициналық қызметкердің видеосы тарап кетті. Ролик авторы АҚШ-тан келген ер адамның өзін нашар сезінгенін, кейіннен оған дәрігерлердің келгенін сөз етті. Денсаулық сақтау басқармасында бұл ақпарат расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар маңында АҚШ-тан келген азамат коронавирусқа тексерілу үшін үйден әкетілді

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Басқарма баспасөз қызметінде хабарлағандай, Павлодар облысының тұрғыны шын мәнінде АҚШ-тан келген болып шықты.

Алайда Америкада ол тек транзитпен ғана болып, Қазақстанға Мәскеуден ұшып жеткен. Ол еліміздің аумағына 15 наурыз күні келіпті.

"Облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне Тереңкөл ауылынан 1965 жылғы ер адам келіп түсті. Ол АҚШ-та Мәскеуден келген транзитарқылы болған.
Ол өзін нашар сезінетінін айтып, денсаулығына шағымданды. Осыған байланысты ер азамат облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Қаржаубай.

16 наурыз күні дәрігерлер ер адамның COVID-19-ға тапсырған сынағын алды, анықталғандай, одан коронавирус табылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы төтенше жағдай режимінің әрекеті қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус қаупі: Павлодар маңында АҚШ-тан келген азаматты үйінен алып кетті
Mailfire view pixel