RU

Айырбастау пункттерінің басшылары долларға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстандағы айырбастау пункттері қауымдастығының өкілдері елдегі валюта нарығындағы жағдай туралы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айырбастау пункттерінің басшылары долларға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC
"Доллар біресе жоғалып, біресе жоғарғы бағаммен пайда болғандай жағдай орын алды. Қор биржасы 11-де жұмысын бастап, 17.30-да аяқтайды.

Алғашқы мәмілелер 12 -ге дейін пайда болды, айырбастау орындарында бағамның қай деңгейде сақталатынын түсінбеді.

Кейбір айырбас нүктелерінде шетелдік валюта болған жоқ.
Қазіргі таңда жағдай тұрақтанды, дүрбелең мен аласапыран жоқ", - деді Қазақстанның айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев.

Ғалымбаев үрейленіп, АҚШ валютасын жаппай сатып алудың қажеті жоқ екенін алға тартты.

"Көріп тұрғанымыздай, Ұлттық банк саудаға араласпайды, сол себепті бұл бағам тепе-теңдікті сақтайды", - деп мәлімдеді Ғалымбаев.

Сатып алу мен сату арасындағы маржа заңнамамен реттелмейді деп хабарлады ол.

"Қазір ешқандай шектеу жоқ, айырбас нүктелері өз нанымдарына сүйене отырып, сатып алу және сату бағамын белгілеп отыр. Бірақ, біреу бағамнан асқан бағаны қояды, мұндай айырбас орындарымен мәміле жасаспаңыз. Аласапыран жасап, пайда көрмек болғандарды қолдаудың қажеті жоқ", - деді Қауымдастық президенті.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің ақша айырбастау нүктелерінде доллар 450 теңгеден сатылып жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845667-ajyrbastau-punktterini-bassylary-dollarga-katysty-mlimdeme-zasady.html