Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантиндегі алматылықтар маңызды ақпарат беруден бас тартып жатыр

Опубликовано:

Оңтүстік астананың карантинге жатқызылған кейбір тұрғындары соңғы уақытта кіммен сөйлесіп, кездесіп, байланыс орнатқаны жайлы ақпаратты айтудан бас тартуда. Билік мұндай әрекеттерге қарсы шара қолданылатын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылықтар араласқан адамдары жайлы ақпарат беруден бас тартуда
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Коронавируспен күресуге арналған аймақтық штаб дабыл қағуда: карантинде жатқан алматылықтардың көбі соңғы кездері кіммен байланыс орнатқаны жайлы айтудан бас тартқан.

Жергілікті атқарушы органдар мұндай әрекетті жауапкершілікті талап ететінін айтты.

Билік байланыс орнатқан тұлғалар жайлы нақты ақпарат пен әрі қарай оларды оқшауландыру мегаполисте қазіргі кездегі жаңа қытайлық вирустың алдын алуға жасалатын тиімді әрекеттердің бірі екенін атап өтті.

Штабтағылардың айтуынша, тексерілу мен емделуден бұлтарған азаматтар қоғамға қауіп төндіретіндіктен ықтиярсыз түрде ауруғанаға жеткізілетін болады.

Әкімдікте ауру жұқтырған тұлғаларды жасыру қылмыстық жауапкершілікті талап етеді. Көлемі үлкен айыппұлдан бөлек, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845672-karantindegi-almatylyktar-mayzdy-akparat-beruden-bas-tartyp-zatyr/

pixel