RU

Ес-түссіз күйде табылған: Шымкентте Өзбекстанның 4 азаматы көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын аумағында тұншықтырғыш газға улану салдарынан төрт адам қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жедел жәрдем станциясына Қапал батыр көшесінде орналасқан кәсіпорын қызметкерлерінен қоңырау түскен.

Тұрғын үй ретінде пайдаланылған контейнерден бес адамның ес-түссіз күйде табылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, азаматтардың барлығы да тұншықтырғыш газға уланған.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда, уланған бес адамның біреуін ғана аман алып қалған. Қазір ол гипербарикалық оксигенация орталығында емделуде.

Алдын ала болжам бойынша, көрші елден келіп кәсіпорында тазалаушы болып жұмыс істейтін азаматтар өздері тұратын контейнерді жылыту үшін пеш қолданған. Олар пешті кәдімгі қоқыс жәшігінің темірінен жасап алған.

Қазіргі кезде оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, желіде Павлодар облысындағы медициналық қызметкердің видеосы тарап кетті. Ролик авторы АҚШ-тан келген ер адамның өзін нашар сезінгенін, кейіннен оған дәрігерлердің келгенін сөз етті. Денсаулық сақтау басқармасында бұл ақпарат расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ес-түссіз күйде табылған: Шымкентте Өзбекстанның 4 азаматы көз жұмды
Mailfire view pixel