RU

Сұлтанов: Коронавирус салдарынан кезекте 1 метрден жақын тұруға болмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің басшысы мемлекет ішіндегі дүкендерге қойылатын жаңа талаптарды мәлімдеді. Олардың жұмыс уақытына ешқандай шектеулер болмайды, бірақ олар клиенттерге белгілі бір "вирусқа қарсы" жағдай жасауы керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сұлтанов: Коронавирустың салдарынан кезекте 1 метрден жақын тұрауға болмайды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Бақыт Сұлтанов баспасөз мәслихатында атап өткендей, Қазақстанда барлық сауда нысандары үшін кеңістікті санитарлық өңдеудің міндетті режимі енгізілді.

Бұл ательеге, сұлулық салондарына және басқа да қызмет нысандарына қатысты.

Еден мен лифт әр үш сағат сайын жуылып тұруы қажет. Таяныштарды, есіктерді, баспалдақтарды және басқа да беттерді әр сағат сайын дезинфекциялау керек.

Барлық ғимарттар мен кеңістіктерге жиі ауа жіберіп тұру керек. Іштегі ауа үнемі таза болуы тиіс. Ғимарттың айналасында үнемі тазалық жұмыстары жасалып тұруға міндетті.

Санитайзер ретіндегі антисептиктер адамдардың еркін қолдануы үшін кез келген нысанда болуға міндетті. Егер олар болмаса, бір реттік тегін сүлгілер берілуі тиіс.

Дүкендер мен супермаркеттер кезектің пайда болуын бақылауды сұрайды. Жұмысты кезек туындамайтындай етіп ұйымдастыру керек.

Егер кезек сонда да пайда болатын болса, күту кезінде келушілерге бір-біріне 1 метрден жақын тұруға болмайды. "Сиректетілген" кезек жұқпалы ауруды тарату мүмкіндігін төмендетеді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде дүкендер мен сауда орындарында маскасыз жүруге тыйым салынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сұлтанов: Коронавирус салдарынан кезекте 1 метрден жақын тұруға болмайды
Mailfire view pixel