RU

Карантиннен қашқан шымкенттік азаматтың үстінен іс қозғалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Шымкент қаласының тұрғыны Вьетнам елінде жұмыс істеп келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ааааа

Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирустың салдарынан елге қайтпақ болған шымкенттік азамат Мәскеу арқылы Алматы қаласына 10 наурызда ұшып келген.

Алайда осы рейспен келген жолаушылардың арасында бір адамда коронавирус анықталған болатын.

Осыған байланысты Арыс қаласының жедел жәрдем қызметі ер адамды Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына карантинге жатқызған.

Бірақ тәртіпке бағынғысы келмеген ол карантиннен қашып, белгісіз жаққа кетіп қалыпты.

Тәртіп сақшылары карантиннен қашқан азаматты Арыстағы ата-анасының үйінен ұстап алған. Ол жедел жәрдем қызметімен қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына  жеткізілген.

"Белгілі болғандай, ер адам Вьетнамда жұмыс істеп, коронавирустың салдарынан Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 304-бабы "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантиннен қашқан шымкенттік азаматтың үстінен іс қозғалды
Mailfire view pixel