RU

Қазақстанда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда қауіпті коронавирусты жұқтырудың оныншы жағдайы тіркелді. Вирусты жұқтырған ару 15 наурыз күні Стамбулдан келіп жеткен. Бұл туралы 16 наурыз күні кешке белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирутың жаңа дерегі тіркелді
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қазақстандық мамандар COVID-2019 коронавирусын жұқтырудың жаңа жағдайын растады.

Бұл туралы 16 наурыз күні денсаулық сақтау министрлігі журналистерге мәлімдеді. "Жаңа" науқас жақында Алматыға Түркиядан ұшып келіпті.

Осылайша елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны 10-ға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін тоғыз адамның қауіпті вирусты жұқтырғанын жазған едік. Олардың екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі Алматы қаласында станционарлық ем қабылдауда. Олардың арасында 12 жастағы жасөспірім бар.

Естеріңізге сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі төтенше жағдай кезінде елімізде сауда орындары мен дүкендер жұмыс істей ме деген сауалға жауап берді. Ведомствоның хабарлауынша, азық-түлік маркеттері өз жұмысын жалғастыра бермек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845703-kazakstanda-tagy-bir-adamny-koronavirus-zktyrgany-anyktaldy.html