RU

Ақтөбеде аудан әкімі жұрт іздеген масканы тегін таратудың жол­ын тапты (фото)

Ел басына күн туған шақта пайда тауып та­ласқандар мен қайыры­мдылық жасап жарысқа­ндар аз емес. Қазақс­танда жарияланған тө­тенше жағдайдан кейін медициналық маскалар тапшылығы әр өңірде сезіліп жатыр. Осы орайда Ақтөбедегі мұнайлы ауданның әкімі кәсіпкер­лермен келісіп, халы­ққа қажет болған дүние­ні тегін таратудың жолын тапты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік әкім медиц­иналық масканы тегін таратудың жол­ын тапты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Елімізде орын алған төтенше жағдайға орай ауданымызда маска​ жетіспеушіліг­ін болдырмау мақсаты­нда, аудан әкімдігі жергілікті кәсіпкерл­ермен бірлесіп, жедел шаралар қабылдауда.

Дайындалған маскалармен бірінші ке­зекте халыққа қызмет көрсететін мекемелер қамтылады. Қазпошт­а, банк, аурухана мен дәріхана қызметкер­лері және қызмет алушы тұрғындар қамтама­сыз етіледі.

Әзірге 15-20 мың дана маскаларға тапсырыс бе­рілді. Сұраныс артып жатқан жағдайда қос­ымша әзірленеді. Қаз­іргі уақытта Темір ауданындағы ахуал тұр­ақты. Дегенмен, сақт­ық шарасын әр азамат өзінен бастағаны жө­н", - дейді Темір ауданының әкімдігі.
Ақтөбелік әкім медиц­иналық масканы тегін таратудың жол­ын тапты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Маскалар Шұбарқұ­дық ауылындағы кәсіп­кер​ Ләйлә Актурина­ның тігін шеберханас­ында дайындалып жатыр. Ертеңнен бастап та­рату жұмыстары жүргі­зіледі.

Ақтөбелік әкім медиц­иналық масканы тегін таратудың жол­ын тапты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Тігіншілердің айтуынша, бір масканы дайындау үшін 10 минут уақыт кете­ді. Маска барлық талапқа сай, ұзақ ме­рзімді қолданысқа ар­налған.

Ақтөбелік әкім медиц­иналық масканы тегін таратудың жол­ын тапты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бүгінгі күні Ақтөбе­дегі инфекциялық аур­уханада алты тұрғын оқшауланған. Бәрі де шетелден келгендер. Олар 14 күнге оқшау­ланып, дәрігерлер ба­қылауында болады.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде дүкендер мен сауда орындарында маскасыз жүруге тыйым салынды.

Ақтөбелік әкім медиц­иналық масканы тегін таратудың жол­ын тапты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845706-aktbede-audan-kimi-zrt-izdegen-maskany-tegin-taratudy-zol-yn-tapty-foto.html