RU

Шетелде демалып жатқан 4556 қазақстандық елге қайтарыла ма

Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев шетелде демалып жатқан қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі шешіліп жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Бүгінгі таңда туристік саланың жағдайы оңай емес. Туроператорлар Қазақстан азаматтарын шетелге шығуын шектеуге байланысты шығындарды көтеруде. Біздің есеп бойынша төтенше жағдай бойынша жалпы сомасы 2,7 млрд теңгені құрайтын 5526 адам сапарлардан бас тартуы тиіс", - деді Өркен Бисақаев ОКҚ-да өткен онлайн-форматтағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жолдамамен 4556 қазақстандық шетелде демалып жатыр.

"Олардың негізгі бөлігі Мысырда (2246 адам), Біріккен Араб Әмірліктерінде (573 адам), Тайландта (466 адам), Үндістанда (2016), Мальдивтерде (2044 адам) демалуда. Қазір біздің туристерді елге қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр. Бұл туристерді ұшақтармен қамтамасыз етуге біздің қазақстандық екі әуе компаниясы - Эйр Астана мен Скат компаниясы жауапты", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Эйр Астана Алматы-Шарм әл-Шейх бағыты бойынша рейсін іске қосуда. Ол рейспен 223 адам қайтып келеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845711-setelde-demalyp-zatkan-4556-kazakstandyk-elge-kajtaryla-ma.html