RU

Қарағандыда екі азамат мәжбүрлі түрде карантинге жатқызылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыда медицина қызметкерлері полицейлермен бірге ауруханаға жатудан бас тартқан екі тұрғынды мәжбүрлі түрде алып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда қос тұрғын коронавирус жұқтырған адаммен байланысқанына қарамастан, карантинді аурханаға жатудан бас тартқан.

Келіншек пен ер азаматты медициналық мекемеге полицейлердің көмегімен апаруға тура келген. Олардың ауруханаға жатқызылған видеосын куәгерлер Instagram желісіне жүктеп те үлгерген.

"Мәжбүрлі түрде жатқызу 16 наурыз күні болды. Бұл азаматтар науқастармен байланыста болған. Олар госпитальға жатқызылды, бақылауға алынады. 2 апта жатады", -деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетейік, осыған дейін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Нұрғалиев госпитальда карантинде 43 адам жатқанын мәлімдген еді. Тағы 445 адам үйдегі карантинде. 15 наурыз күні ауруханадан диагнозы расталмаған алты адам шықты. Олардың дені сау.

Сондай-ақ. Нұрғалиев жақын арада дәріханаларда медициналық маскалар мен антисептиктер пайда болатынын мәлімдеді.

Бүгінде COVID-19 жұқпалы дерті әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Күні кеше коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі коронавирус таралуының алдын алу шарасына қатысты мәлімдеме жасады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда екі азамат мәжбүрлі түрде карантинге жатқызылды
Mailfire view pixel