RU

Италияда бір тәулікте коронавирустан шамамен 350 адам көз жұмды

Италияда соңғы 24 сағаттың ішінде COVID-19 вирусынан 349 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 23 мыңнан асады деп хабарлайды Life елді азаматтық қорғау департаментіне сілтеме жасап. Ведомство басшысы Анджело Бореллидің сөзінше, мемлекетте бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 2,5 мың дерегі тіркелген.

Осы уақыт аралығында қауіпті кеселден 400 адам айығып, үйіне қайтарылды.

Ақпан айының соңынан бері өлімге әкелетін ифекция Италияда тарай бастады. Дертті 2,8 науқас жеңіп шықты.

Бореллидің сөзінше, Италияның Ломбардия облысындақауіпті инфекциясның тарауы төмендеп келеді.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845743-italiada-bir-tulikte-koronavirustan-samamen-350-adam-kz-zmdy.html