RU

Әйелін зорлап, күйеуін өлтірген: Алматы облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы Жаңа дәуір ауылының маңындағы кәріз жүйесі құдығынан ер адамның мәйіті табылды. Марқұмды өлімші етіп сабап, құдыққа тастап кеткенге дейін оның әйелі зорланған болып шықты. Мұны күдіктілердің өзі мойындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелін зорлап, күйеуін өлтірген: Алматы облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды

Көрнекі фото: pixabay.com

Құдықтағы мәйіт туралы хабар Іле аудандық полиция басқармасына 11 наурыз күні түскен. Жедел-тергеу тобы дереу іске кірісіп, марқұмның тұлғасын анықтады.

57 жастағы ер адам шаруа қожалықтардың бірінде жұмыс істеген.

Полицейлер күдікті ретінде тұрғылықты жері жоқ 25 және 42 жастағы екі азаматты тұтқындаған және олар өз кінәсін мойындап отыр.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, күдіктілер ішімдікке сылқия тойып алып мас күйлерінде таңғы 5 шамасында марқұмның үйіне кіріп барыпты.

Қаскөйлер үй иесін ұрып-соғып, әйелін зорлаған соң оларды ауыл сыртындағы кәріз жүйесінің құдығына тастаған.

Үйдің қожайыны алған жарақатынан құдық ішінде қайтыс болған. Ал қаскүнемдер қолынан қашып шыққан әйел полицияға хабар береді.

Аталған дерек сотқа дейін тергеп-тексерудің біріңғай жүйесінде тіркеліп, қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Сондай-ақ, осы кодекстің 120, 121-баптың 1-бөлігі (зорлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер) бойынша тағы да қылмыстық іс тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін төрт бірдей өзбекстандық азаматтың Шымкентте көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйелін зорлап, күйеуін өлтірген: Алматы облысында сұмдық қылмыстың беті ашылды
Mailfire view pixel