RU

Қазақстандықтар үйлеріне қайта алмай жатыр: Билет бағасы неге қымбат

Қарапайым алматылық студент NUR.KZ редакциясына билеттерінің қымбаттауына байланысты Ақтаудағы үйіне ұшып бара алмай жатқанын айтып, шағымданды. Осыған байланысты біз хабарласқан еліміздегі екі әуекомпаниясы бағаның өсуін жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Нұржайна есімді студент сабақ тоқтатылғандықтан жатаханадан кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.

"Мен әуе билеттерінің қымбаттап кеткеніне қатты қынжылдым. Эйр Астанадан Scat-қа дейінгі барлық әуекомпаниялары коронавирус жағдайын пайдаланды.
Қарапайым студентпін, жатақханада тұрамын. Студенттерді 5 сәуірге дейін оқудан босатқандықтан, бізге жатақханада тұруға тыйым салынды. Ақтауға билет тек бір бағыт үшін 78 836 теңге тұрады!!!!", - деп жазды ол.

Алайда, егер толығырақ зерттесеңіз, билетті кейінірек төмен бағамен сатып алуға болатындығы белгілі болды.

  • Мысалы, 24 наурыз күні Алматыдан Ақтауға SCAT әуе кемесімен ұшу құны 23 741 теңгені құрайды. Егер сіз мереке алдындағы күнді қарасаңыз, онда 20 наурызда бір бағытқа билет бағасы 59 741 теңге тұрады, 22 наурызда 46 241 теңгеге билет бар.

Air Astana әуекомпаниясының тарифтері жоғары. Онда алдағы күндері билеттер бір бағытта 78 836 теңге тұрса, 18 наурыздан бастап баға біртіндеп төмендей бастайды, ал 21 наурызда оңтүстік астанадан Ақтауға 44 110 теңгеге ұшуға болады.

Рас, бұл өте ыңғайсыз рейс және Атырау арқылы ұшуға тура келеді. Сонымен қатар 41 776 теңгеге 25 наурыз күні Нұр-Сұлтан арқылы Ақтауға қысқа трансфермен ұшу мүмкіндігі бар.

Нұржайнаның ренішіне қазақстандық әуекомпаниялар пікір білдірді.

Air Astana бағаны көтермеген, алайда билет құны басқа себептерге байланысты қымбаттаған көрінеді.

"Егер алдағы күндердегі билеттер туралы айтатын болсақ, сұраныс көп болғандықтан, тек бизнес-класста ғана қымбатырақ орындар қалды. Немесе Нұр-Сұлтан арқылы баратын рейс бар. Бұл қиын және қымбат. Себебі, елордада қосымша әуежай төлемдері бар. Негізінде, билет бағасы көтеріле қойған жоқ", - деді Air Astana компаниясының ресми өкілі.

SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі бағаның өсуі орын алмағанын жеткізді.

"Бағаның өсуі болған жоқ. Бізде барлық тарифтер жүйесі бар. Әдетте, ұшу билеті қаншалықты жақын болса, оны төмен бағамен сатып алу мүмкіндігі аз болады. Бұл әлемдік тәжірибе", - деп сендірді SCAT әуекомпаниясы.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845750-kazakstandyktar-jlerine-syp-bara-almauda-uekompanialar-biletti-nege-kymbat-ekenin-tsindirdi.html