RU

Ресей Қазақстанға пойыз қозғалысын тоқтатты

18 наурыздан бастар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шектеу шаралары қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнеекі фото: NUR.KZ
Көрнеекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл уақытша шаралар коронавирустың таралуына қатысты жағдайда қабылданып отыр.Аталған ақпарат ресейлік үкімет сайтында хабарланды.

Мнистрлер кабинетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Михаил Мишустин қазақстандық әріптесі Асқар Маминмен және басқа да үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлескен.

Ресейлік премьер-министр өдімге әкеп соғатын қауіпті ауру жайлы талқылап, әріптестеріне енгізілген шара туралв хабардар еткен.

Ресей аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға кіруге шектеу осы жылдың 18 наурызынан 1 мамырына дейін қабылданады. РФ сайтында хабарланғандай, аталған шешім Ресей заңнамасына және хаықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845751-resej-kazakstanga-pojyz-kozgalysyn-toktatty.html