Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусты пайда көзіне айналдырған алматылықтар кәсіптерін дөңгелетуде

Опубликовано:

Алматыда қаласында кейбір кәсіпкерлер коронавирусқа қатысты дүрбелеңнің арқасында кәсібін дөңгелетіп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК
Видеодан кадр/КТК: Instagram

Телеарна мәліметінше, әлеуметтік желілер күннен-күнге қолдан жасалған бетперделерге толып жатыр.

Біреулер оған гүл жапсырып сатса, ал біреулер брендті тауар етіп шығарып жатыр. Солардың бірі Леонид Жеребцов дәріханаларда бірде-бір бетперде таппаған соң, оны өзі жасауға кіріскенін жасырған жоқ.

Оның айтуынша, өнімдерінің құны кәдімгі бетперделерден әлдеқайда жоғары. Алайда, соған қарамастан сұраныс күннен-күнге артып жатқанын айтты. 

"Біз бетпердені клиентерімізді, достарымызды, туыстарымызды коронавирустан сақтау үшін шығардық. Бетперделердің жетпей жатқаны жасырын емес. Соның орнын толтыруға тырыстым", деді Леонид Жеребцов.
Видеодан кадр/КТК
Видеодан кадр/КТК: Instagram

Коронавирустың арқасында пайдаға кенеліп жатқандар да жоқ емес.

Телеарна дерегінше, аурудың таралуы тамақ жеткізу қызметтеріне көл-көсір пайда түсірген.

Сонымен қатар қаржы компаниялары да коронавирустан пайда көріп қалуды жөн санапты.

Олардың сақтанудырудың жаңа түрін ойлап тапқаны белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қымбат өміріңізді ақша төлеп сақтандырсаңыз, ауру жұққан жағдайда қаржы ұйымдары өтемақысын төлеуге әзір.

Мәліметтерге сенсек, қазіргі уақытта 100-ге жуық алматылық келісім-шартқа қол қойған. 

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845763-koronavirusty-pajda-kzine-ajnaldyrgan-almatylyktar-ksipterin-dgeletude/

pixel