Выйти
RU

Соңғы деректер: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 180 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әдем бойынша COVID-19 вирусының таралуына байланысты соңғы деректер белгілі болды. Вирусты бір түнде 14 мың адам жұқтырып, эпидемияға шалдыққандардың жалпы саны 180 мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

180 мың ад

Көрнекі фото: Edward Berthelot / Contributor via Getty Images

Worldometer онлайн-дайджестінің деректеріне сәйкес, вирус 182 650 адамнан анықталған. Қауіпті індеттен 7,1 мың адам көз жұмған.

79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Осы порталдың деректеріне сәйкес, өткен тәулікте АҚШ-та коронавирустан 18 адам, Францияда 21 адам, Испанияда 48 адам, Ұлыбританияда 20 адам қайтыс болған.

Сонымен бірге Украинада вирус жұқтырудың жаңа төрт жағдайы тіркелген.

Ал Италиядағы ахуал әлі де қиын болып отыр. Мұнда өткен тәулікте 2,2 мың адам эпидемияға шалдығып, 349 өлім тіркелген.

Сондай-ақ Ирандағы жағдай да көңіл қуантарлық емес. Аталмыш елде бір тәулікте 1053 адам инфекция жұқтырып, 129 адам вирустан көз жұмған.

Оңтүстік Кореяға келсек, бұл мемлекетте соңғы өткен тәулікте 6 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Жалпы алғанда, Оңтүстік Кореяда коронавирусқа шалдыққан 84 науқас бар.

Еске сал кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 13 адамға жетті. Науқастардың 11-і Алматыда және екеуі Нұр-Сұлтанда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Соңғы деректер: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 180 мыңнан асты