RU

Нұр-Сұлтан тұрғындары маска үшін дәріханада шу шығарып, төбелесе жаздаған

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Facebook әлеуметтік желісінде дәріханадағы кезектің фотосы мен видеосын жариялаған. Елордалық әйелдің айтуынша, кезекте тұрғандар маска үшін бір-бірімен ұрыса бастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ИА "NewTimes.kz" сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан тұрғындары маска үшін ерегісіп қалды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Дәріханадағы кикілжің жайлы пост Facebook-тағы Астана, хочу похвалить/пожаловаться парақшасында жарияланған.

"Елімізде не болып жатыр, адамдарға не болған?! Бүгін бір дәріханада бетперде пайда болып еді, барлығы кезекке тұрып, КСРО заманындағыдай бір-бірімен қызылкеңірдек болды.

Құрметті департаментте отырғандар, бетперде сатуға неге шектеу қойылып отыр? Бір адамға 5 маскадан артық сатылмайды! Мен дәріханаға кіргенімде жағамды ұстадым.

Бұл бетперделерді бір емес, барлық дәріханаға таратуға болмас па еді. Дәріханада кәдімгідей халық кептеліп қалды", – деп жазды Айман Аманова.

Сонымен қатар, Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған телевизиялық үндеуін жолдады.

Айта кетейік, медицина ғылымдарының докторы коронавирустан қорғанудың жолын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845781-nr-sltan-trgyndary-maska-sin-drihanada-su-sygaryp-tbelese-zazdagan.html