RU

Антисептиктерді үй жағдайында қалай дайындауға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеуде Г.Н.Гарбричевский атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми- зерттеу институты директорының орынбасары Евгения Селькова үй жағдайында қолға арналған анисептиктерді қалай дайындау қажет екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Вечерняя Москва" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: vn.mk.ua

Көрнекі фото: vn.mk.ua

  • Бірінші әдіс - 14,5 миллилитр глицерин, 750 миллилитр изопропил немесе 800 миллилитр қарапайым спиртті (сондай-ақ 70 градустан төмен емес күштілігі кез келген алкогольдің 800 миллилитрін пайдалануға болады), 20 миллилитр дистилденген су және 42 миллилитр сутегі тотығын араластыру.
  • Екінші жағдайда алое гель және 160 миллилитр медициналық спирт қажет— оның пайызы жоғары болса , соғұрлым жақсы.
  • Және соңғы жолы - бір ас қасық су, бес ас қасық арақ, лаванда эфир майынан бес тамшы, алоэ шырынынан бір шай қасық және бес грамм хлорогексидинді араластыру. Алынған қоспа біраз уақыт түру қажет.

Евгения бактерияға қарсы гельді қолдану қолды сумен және сабынмен жууды алмастырмайды деп атап өтті .

Вирусолог алдымен қолды жуып, содан кейін антисептик қолдануға кеңес берді .

Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда құрамында спирт бар ылғалды майлықтарды пайдалануға немесе қылқаламдарды спиртпен залалсыздандыруға болады.

Айта кетейік, Алматыда кішкентай баланың қауіпті вирусты жұқтырып алғаны анықталды. Талай адамның өмірін қыршынынан қиған коронавирус Германиядан ұшып келген екі жасар қыздан табылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Антисептиктерді үй жағдайында қалай дайындауға болады
Mailfire view pixel