Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Банкте кредиті бар адамдарға ТЖ кезінде қандай жеңілдік беріледі

Опубликовано:

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова тұтынушылық несие нарығында тәуекелдерді төмендету шаралары туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Әбілқасымова кепілсіз тұтынушылық несиенің шамадан тыс өсуіне жол бермеу бойынша тапсырманы іске асыру үшін қандай шаралардың көзделгеніне тоқталды.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезеңінде және тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 90 күн өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы бұдан ары аталған шара заңнамалық негізде енгізілетінін білдірді.

"Жеке тұлғалардың несие тарихын қалпына келтіру үшін 50 пайыздан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз несие тарихын түзету бойынша мүмкіндік көзделеді", - деді Мадина Әбілқасымова.

Еске сала кетсек, төтенше жағдайдан кейін кредит төлейтіндер үшін қандай өзгеріс болатынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845787-bankte-krediti-bar-adamdarga-tz-kezinde-kandaj-zeildik-beriledi/

pixel