RU

Трамп АҚШ-та коронавирус пандемиясы қашан аяқталатын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі коронавирус пандемиясы шілде-тамыз айларына дейін жалғасатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Трамп АҚШ-та коронавирус пандемиясы қашан аяқталатын айтты
Фото: pixabay.com: UGC
"Менің ойымша, егер біз расымен өлім санын азайтуға ғана емес, басқа да бағыттарда тұрақты әрі жақсы жұмыс істесек, жұрт айтып жүрген шілде айына қарай бұл кеселдің қарқыны бәсеңдейді", – деді АҚШ президенті.

Вашингтонда өткен пресс-конференцияда журналистің пандемия салдарымен күрес қашан тоқтатылады және адамдар жайлы өмірге қашан аяқ басады деген сұрағына Трамп былай жауап берді:

"Көрерміз, алайда менің ойымша, шілде-тамыз айлары. Немесе кейінірек те болуы мүмкін".

Айта кетерлігі, әлем бойынша бүгінгі күні қауіпті вирусқа шалдыққандардың саны 180 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш бір түнде 14 мың адамға өскен.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845801-tramp-aks-ta-koronavirus-pandemiasy-kasan-aaktalatyn-ajtty.html