Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайға қарамастан келдік": Абай Бегей мен Асхат Тарғын концерт беріп жүр (фото, видео)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жұлдыздары Асхат Тарғын мен Абай Бегей Ресейдің Орынбор қаласында бірігіп концерттерін берді. Екі күнге созылған ән кеші шетелдегі қандастардың көңіл күйін көтерген деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Әншілердің жеке парақшасы
Фото: Әншілердің жеке парақшасы: Instagram

Қос әртіс бірігіп Орынбор қаласында "Көрісу мерекесіне" орай екі күн концерттерін берді. Бұл ақпаратты өнер иелері желідегі парақшасында растады.

Асхат Тарғын елде орын алып жатқан жағдайға қарамастан концерт берудің себебі болғанын жеткізді.

"Билет сатылып кеткен, осыншама халық күтіп отырғаннан кейін елімізде болып жатқан келеңсіз жағдайға қарамастан келдік. Ресейде карантин ештеңе жоқ екен. Елімізде тыныштық болсын, ауырмаңыздар ағайын!" - деді ол.

Әншінің сөзінше, концерттің жоғары деңгейде өткені соншалықты, билеттің бірі де қалмай өтіп кеткен. Сол үшін Асхат Тарғын Орынбордағы қандастарға алғысын жеткізді.

Абай Бегей де Ресей жеріндегі концертінен алған әсерін желідегі парақшасында бөлісуді ұмытпады.

"Сіздерге Орынбордағы қандастарымыздан жалынды сәлем! Жаратушымыз әр түрлі болып жатқан жаман (вирус) аурулардан сақтасын", - деді ол.

Абай Бегей мен Асхат Тарғынның концертінде болған тыңдармандар ән кешінің жоғары деңгейде өткенін айтып, оларға алғыстарын білдірді.

Одан бөлек, жанкүйерлер орынборлық тұрғындарға көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға да рақметтерін айтты.

Концерттен кейін, Асхат Тарғын мен Абай Бегей алаш арысы Ахмет Байтұрсынов тұрған үйге барып қайтқан.

Сондай-ақ, Орынбор қаласындағы тарихи ғимараттармен танысқандарын да жеткізді.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясы кесірінен отандық әншілер Қазақстан аумағындағы концерттерін кейінге шегеріп тастаған болатын.

Cондай-ақ, Димаш Құдайберген де Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы жеке кешін басқа уақытқа ауыстыру туралы шешімге келді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845804-elimizde-ttense-zagdaj-abaj-begej-men-ashat-targyn-koncert-berip-zr-foto-video/

pixel