RU

Сұлтанов: ТЖ кезінде тауар бағасы көтерілсе, үкімет шаралар қабылдайды

Сауда министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов үкімет отырысынан кейін кәсіпкерлерге онлайн-трансляция арқылы үндеу жасады. Ол дүкендердегі барлық бағалар өткен аптада болғандай қалуы тиіс деп мәлімдеді. Егер бағалардың көтерілгені байқалса, үкімет шаралар қабылдайды деп жазады KAZ.NUR.KZ..

Сұлтанов: ТЖ кезінде азаматтарымызды пайда табу көзіне айналдыруға жол бермейміз
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Сұлтанов қазақстандықтарға болашақта пайдалануға арналған өнімдерді жаппай сатып алудың қажеті жоқ екенін айтты.

Себебі дүкендерде тауарлар жеткілікті, ал бөлшек сауда орындарының өздері әдеттегідей жұмыс істейді.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге адамдардан пайда көріп, өнім бағасын көтеруге ешкім жол бермейді.

Министр ТЖ енгізілгенге дейін қойылған бағалар бүгін де сақталуы тиіс деп мәлімдеді.

Егер Қазақстанда бағаның негізсіз көтерілуі анықтаса, онда үкімет азық-түліктің шекті бағасын белгілеуге мүмкіндігі бар. Бұл нарықтық экономиканың өлшемі емес, алайда бұл кәсіпкерлерге халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті түсінуге мүмкіндік береді .

"Біз азаматтарымызды пайда табу көзіне айналдыруға жол бермейміз", - деді Сұлтанов.

Еске салайық, кеше қазақстандық дүкендерге жаңа талаптар енгізілді. Мәселен, ірі сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында маскасыз жүруге болмайды. Егер клиентте ол болмаса, сауда үйлері масканы өздері беруге міндетті.

Сондай-ақ, кезектерге қатысты ереже енгізілді. Дүкендер жұмысты кезек пайда болмайтындай етіп ұйымдастыруы қажет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845814-sltanov-tz-kezinde-tauar-bagasy-kterilse-kimet-saralar-kabyldajdy.html