Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахизада отбасылы азаматпен 6 жылға созылған махаббат хикаясын жайып салды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Шахизада Байбатжанова жеке өміріне қатысты бар шындықты жайып салды. Шоу-бизнес жұлдызы алты жыл бойы отбасылы адаммен қарым-қатынас құрғанын жасырмай айтты. Араларындағы үлкен махаббатқа қарамастан өнер иесі біреудің шаңырағын шайқалтып, бақытты болмайтынын түсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Талантым-тағдырым" атты бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шахизада Байбатжанова отбасылы азаматты қатты жақсы көргенімен, оның жанұясын бұзғысы келмеген соң ара-қатынасты өзі тоқтатқан.

"Жасыратын ештенесі жоқ. Алты жыл бойы жақсы азаматпен кездестім. Солтүстік Қазақстанда облыстық филармонияда жұмыс істеп жүрген кезде Омбы мен Тюмень қалаларына гастрольдік сапармен көп баратынбыз.

Сол кезде қазақтың құрылтайы болды. Омбыда берген концертіміз кезінде бір жігіт мені көріп, ғашық болып қалыпты. Мен оны білмеймін. Ол кезде жолдасым бар.

Кейін кездескеннен кейін ғана хабардар болдым. Тағдыр ғой. Сол әңгімені кейін айтқанда қатты таңғалдым.

Сосын алты жыл бойы сол азаматпен кездесіп, екеуміз үлкен махаббат болдық. Әлі сол махаббат бар бізде, жүрегіміздің түкпірінде.

Бір-бірімізге қоңырау шалып тұрамыз, қал сұрасып тұрамыз. Телефонмен махаббат.

Екеуміздің арамызда таза махаббат сезімі болды. Өткен өмірден әбден таяқ жеп, көпшіліктен көңіл қалып жүргенде маған сол адам кезікті.

Ол маған гүл сыйлап, тыныштық беріп сүйетінін айта беретін. Сол кезде өмірің мүлдем өзгеріп кетеді екен. Нәтижесінде Шахизада гүлденіп шыға келді.

Қалай жақсы көрмейсің сондай ер азаматты? Кім жақсы көрмейді? Гүл, жүзік сыйлап, мейрамханаларға апарып тұратын адамды кім сүймесін? Осындай керемет сезімге толы алты жыл қарым-қатынасым болды" , - деп ағынан жарылды әнші.

Шахизада үлкен махаббаты не себепті баянсыз болғанын да айтып берді. Ол сүйіктісімен қарым-қатынасын тоқтатуға мәжбүр болған.

"Махаббатымызды тоқтатуға тура келді. Солай болып қалды. Өйткені, ол кісінің өз отбасы болды. Бұл жерде тағы да мен кінәлімін. "Отбасымен ажырасып, екеуміз үйленеміз" дегенде, мен бәрін тоқтаттым. Себебі, болмайды.
"Сіздің жолдасыңыз бен бала-шағаңызды жылатып, мен бақытты бола алмаймын" дедім. Бір күнде шештік. Бір күнде тоқтатып тастадым. Бірақ, жүрегім ауырды, қиналдым. Мұны да жеңермін дедім өзіме" , - деді өнер иесі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845830-sahizada-alty-zyl-bojy-otbasyly-azamatpen-zrdim/

pixel