RU

Қазақстанда карантинде жатқан азаматтарға айлық төлене ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде карантинге жатқызылған азаматтарға жалақы беру мәселесіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Смағұлов пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, үйде немесе медициналық мекемеде карантинде жатқан барлық жұмысшыға уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы беріледі.

Уақытша жарамсыздық бойынша айлық заңнамаға сай беріледі.

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі төтенше жағдай кезінде (15 сәуірге дейін) жұмыс берушілердің бәріне әлеуметтік жауапкершілік танытып, жұмысшыларды уақытша қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыруға кеңес береді", - деді Ерлан Смағұлов.

Оның айтуынша, технологиялық процестер мен өзге де себептерге байланысты жұмысшылар міндетті түрде жұмысқа келуі керек болса, жұмыс берушілер толық емес жұмыс күнін белгілеуі керек.

"Яғни бұл бір күндегі жұмыс сағаты мен аптадағы жұмыс күнін азайтуға байланысты болып отыр. Жұмыс барысында жұмысшылар барлық қорғаныс жабдықтарымен қамтылып, денсаулық сақтау органдарының кеңесін ұстануы тиіс", - деді Ерлан Смағұлов.

Еске сала кетсек, төтенше жағдайдан кейін кредит төлейтіндер үшін қандай өзгеріс болатынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтардыбіздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда карантинде жатқан азаматтарға айлық төлене ме
Mailfire view pixel