RU

Елімізде барлық MEGA сауда ойын-сауық орталықтары жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда MEGA желісінің барлық сауда-ойын сауық орталықтары жабылды. Бұл туралы Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде барлық MEGA сауда ойын-сауық орталықтары жабылды

Нұрлан Смағұлов

"Біз әлеуметтік-жауапты компания ретінде MEGA желісінің барлық СОО жабу туралы шешім қабылдадық.

Біз оны коронавирустық инфекцияның таралуының кез келген қаупін болдырмау үшін, сондай-ақ біздің жалға алушылар мен келушілердің көптеген өтініштерін ескере отырып жасап отырмыз.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін супермаркет пен дәріханалар жұмысын жалғастырады.

"Рамстор" супермаркеті күн сайын 9:00 - ден 23:00-ге дейін, дәріханалар - 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

СОО ішінде және іргелес аумақта тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету - біз үшін басымырақ.

Біз жалға алушылардың мүдделерін барынша ескереміз. СОО жабу кезінде жалдау ақысы алынбайды. Жалға алушылар нақты пайдалану шығындарды ғана жабуы тиіс.

Біздің алдымызда өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығына қамқорлық жасау міндеті тұр. Өздеріңізді сақтаңыздар

Осы қиын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданған шараларға түсіністікпен қарайсыз деп үміттенеміз.

Тек бірге біз барлық кедергілерді жеңе аламыз.

Компания атынан сізге сенім мен қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын", - деді Смағұлов.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде барлық MEGA сауда ойын-сауық орталықтары жабылды
Mailfire view pixel