Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҒМ мектептердегі рейдтер мен айыппұлдар туралы ақпаратқа мәлімдеме жасады

Опубликовано:

БҒМ мектептерде рейд жүргізілетіні және ол жерден балалар анықталған жағдайда мектеп басшылығының жазаға тартылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БҒМ мектептердегі рейдтер мен айыппұлдар туралы ақпаратқа мәлімдеме жасады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мессенджерлерде мектептер бойынша балалардың бар-жоғын анықтау үшін рейд жүргізілетіні туралы хабарламалар тарала бастады.

"Егер қосымша сабақтар өткізілетініне байланысты оқу орындарында балалардың бар екені анықталатын болса, мектеп жазаланады.

Сондай-ақ, балалар дүкендерден, автобустар немесе көшелерден табылған жағдайда ата-аналар да жазаланады", - делінген хабарлама мәтінінде.

БМҒ бұл ақпараттың жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, министрлікте жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы еске салды.

"Қазіргі уақытта оқушылар көктемгі демалыста, педагогтар қашықтықтан жұмыс істейді. Мемлекеттік білім беру ұйымдары жабық. Балаларды жеке орталықтарға апаруды ата-аналар немесе заңды өкілдер шешеді.
Қосымша сұрақтар бойынша ҚР БҒМ Call-center- ге +7 (7172) 74-24-11 телефоны арқылы немесе облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары арқылы хабарласуға болады",- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Бақыт Сұлтанов ТЖ кезінде тауар бағасы көтерілсе, үкімет шаралар қабылдайтынын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845840-bgm-mektepterdegi-rejdter-men-ajyppldar-turaly-akparatka-mlimdeme-zasady/

pixel