RU

Елдегі ауруханаларда карантин жарияланып, фото-видео түсірілімге тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов еліміздегі ауруханаларға, қарттар үйіне және интернаттарға енгізіліп жатқан жаңа ережелер жөнінде хабарлады. Бүгіннен бастап, аталған мекемелерде карантин жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Министр енгізіліп жатқан жаңа карантиндік шаралар туралы телеарна арқылы мәлімдеген. Бұдан былай медициналық мекемелер мен жоғарыда аталған өзге де нысандарға кіруге тыйым салынады.

Тізімдегі мекемелерге кіру құқығы дәрігерлерге ғана берілген. Оған қоса, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жаңа шаралар бойынша енді аталған ғимараттарда фото және видео түсірілім жасауға тыйым салынбақ.

Айта кетейік, бүгін Елжан Біртанов телеэфирге шығып, Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адамның анықталғанын хабардар етті.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусы табылған адам саны 27-ге жетті. Олардың 16-ы Нұр-Сұлтанда тіркелсе, 11-і Алматы қаласында тіркелген.

Соңғы деректерге сүйенсек, әлем бойынша жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 180 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіш бір түнде 14 мың адамға өскен.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде барлық MEGA сауда ойын-сауық орталықтары жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елдегі ауруханаларда карантин жарияланып, фото-видео түсірілімге тыйым салынды
Mailfire view pixel