Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш рет сынақтан өткізді

Опубликовано:

Америкалық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық түрде сынап көрді. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Research зерттеу институтында жүргізілген сынаққа 45 адам өз еркімен қатысып жатыр. Бір ай ішінде олар вакцинаның екі мөлшерін қабылдайды.

Препараттың алғаш рет кішігірім технологиялық компанияда менеджер қызметін атқаратын азаматқа салынды. Әзірге нәтиже қашан шығатыны белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Осыған дейін Алматыдағы үш жағдайдан хабардар еткенбіз. Енді Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді.
Бұл науқастар карантинге жатқызылған, сонда диагнозы расталды. Барлық байланысқан адамдар анықталды, оларды карантинге жатқызу және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді министр.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусы табылған адам саны 27-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845845-aks-koronaviruska-karsy-algasky-vakcinany-synaktan-tkizdi/

pixel