RU

Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін жаңартты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жайлы хабардар етті. Қаулыға сәйкес, коронавирус қаупі жоғары елдердің жаңа тізімі бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус: Қауіпті елдер тізімі жаңарды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Егер өткен аптаның соңында 1а санатында тек Иран мен Италия ғана болса, бүгін бұл қатарға Франция, Испания және Германия қосылған.

Қытай әдеттегідей екінші деңгейде. 1б санатына сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Шенген аймағындағы барлық Еуропа елдері еніп отыр.

Бүгінде Қазақстан шетел азаматтары үшін шекараны жапқаны белгілі, ал оқшаулау шарасы аталмыш елдердің бірінен оралған қазақстандықтарға ғана қатысты.

Мәселен 1а санаттағы елден келген тұрғын міндетті түрде ауруханада оқшауланса, 1б санатындағы мемлекеттен келгендер үй карантиніне жатқызылады.

Ал 2-санатқа қазіргі таңда АҚШ, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Таиланд және Катар кірген.

Егер қазақстандықтар осы елдерден қайтып келсе, олар үйдегі медициналық бақылауды қажет етеді.

3-санатқа енді Нидерланды және Швейцария қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің дерегі бойынша, қазір бірнеше мың қазақстандық шетелде демалып жүр. Отандастарымыз Үндістан, Араб Әмірліктері, Мысыр, Таиланд және Мальдив елдерінде саяхаттауда. Билік оларды елге қайтару жайлы мәселені қарастырып жатыр.

Айта кетейік, Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев шетелде демалып жатқан қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі шешіліп жатқанын айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845848-kazakstan-koronavirus-kaupi-zogary-elderdi-tizimin-zaartty.html