RU

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылдау тәртібі өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Азаматтарға арналған үкімет" қазақстандық ХҚКО-ларда коронавирусқа қарсы жаңа шара қабылданғаны туралы мәлім етті. Соған сәйкес, орталықтың азаматтардың қабылдау тәртібі өзгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, ХҚКО-ларда вирустың таралуына жол бермеу үшін жиі санитарлық шаралар жүргізіліп отырады.

Сондай-ақ адамдардың көп шоғырланбауы үшін орталықтың ішіне азаматтарды бірнешеуден топ-тобымен кіргізеді.

Дегенмен халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режимде жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті.

16 наурыздан бастап Қазақстанның барлық аумағында коронавирустың салдарынан төтенше жағдай жарияланып, мемлекет басшысы телеарналар арқылы халыққа мәлімдеме жасады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, президент елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылдау тәртібі өзгерді
Mailfire view pixel