Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей 1 маусымға дейін шетелдіктерге ел аумағына кіруге тыйым салды

Опубликовано:

Ресей үкіметі шетелдіктерге елге 18 наурыздан 1 мамырға дейін кіруге тыйым салатын қаулы қабылдады. Бұған коронавирус індеті себеп болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресейде тыйым салынды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Құжатта тыйым дипломаттарға, ресми делегациялар мүшелеріне, машинистерге, ұшқыштар мен теңізшілерге, сондай-ақ Ресейде ұдайы тұратын шетелдіктерге қолданылмайды делінген.

Үкімет сайтында нақтыланғандай, премьер-министр Михаил Мишустин Ресей тарапы қабылдаған шаралар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келетінін және тек уақытша сипатта қолданылатынын атап өтті.

Бұған дейін Еуроодақта осындай шараларды қолдану қарастырылып жатқаны белгілі болды. Осылайша, Еурокомиссия 30 күнге дейін шетелдіктер үшін Одақ аумағына кіруді толығымен жабуды ұсынды.

Тек шұғыл сапарлар үшін ғана ерекшелік жасалады. Сонымен қатар, Еуроодақ аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге шектеу қойылмайды.

Ресми мәліметтер бойынша, Ресейде коронавирус вирусын жұқтырғандар саны соңғы тәулікте бір жарым есеге өсіп, 93 адамға жетті. Жалпы ауруды жұқтырудың 30 жағдайы анықталды (оның 20-сы Мәскеуде), дегенмен жедел штаб 63 ауру туралы хабарлаған болатын.

15 наурыздағы мәліметке сәйкес, COVID -19 науқастарының саны бүкіл әлем бойынша 153,5 мыңнан астам адамды құрайды, оның 5735- і қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845852-resej-1-mausymga-dejin-seteldikterge-el-aumagyna-kiruge-tyjym-saldy/

pixel