RU

Қырғызстан коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін ел шекарасын жаппақ

Қырғызстан үкіметі шетел азаматтарының елге кіруіне уақытша шектеулер қояды. Бұл туралы коронавирустың елге енуіне жол бермеу жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі, вице-премьер Алтынай Өмірбекова мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы vesti.kg басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Оның сөзінше, бұл шектеулер жүк тасымалы қызметіне әсер етпейді.

"Қазіргі уақытта Қырғызстанда жүрген шетел азаматтары аз. Олар өз еліне қайта алады. Сол сияқты біздің отандастарымыз да Қырғызстанға келе алады. Алайда енді коронавирус жағдайы тіркелген мемлекеттен елге келгендер міндетті түрде карантинге жатқызылады. Үй карантиніне оқшауланған Қырғызстан азаматтары дәрігерлердің бақылауында болады", - деді Алтынай Өмірбекова.

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары Штаб 50-ден астам адамға арналған мәдени-қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдағанын айтты.

"Мейрамханалар сіздің үйіңізге тағам жеткізе алады... Бұрын біз іс-шаралардан алыс жүруді ұсынған едік, енді оларға тыйым салынады. Жақын арада үкіметтің шешімдері дайын болады", - деді вице-премьер.

Еске сала кетсек, әлем бойынша бүгінгі күні қауіпті вирусқа шалдыққандардың саны 180 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш бір түнде 14 мың адамға өскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845857-kyrgyzstan-koronavirusty-rsuine-zol-bermeu-sin-el-sekarasyn-zappak.html