RU

Венгрияда қазақстандық азаматшадан коронавирус анықталған

Будапештте қазақстандық азаматша коронавирус күдігімен ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қазақс
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Еліміздің Венгриядағы елшілігіне мұндай ақпарат кеше, 16 наурызда түскен. Біздің елдің азаматшасы коронавирустық инфекция жұқтырып алғаны хабарланды. Әйел адам ауруханаға жатқызылған.

Ол емханаға жеткізілген соң, одан тиісті сараптамалар алынған. Тест нәтижесінде келіншектің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ол Будапешттегі ауруханалардың бірінде жатыр.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті.

Айта кетейік, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Сондай-ақ, ол жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ал әлем бойынша, вирусты 180 мыңнан астам адам жұқтырған. Оның 7,1 мыңы инфекциядан көз жұмды. Дегемен 79 883 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845863-vengriada-kazakstandyk-azamatsadan-koronavirus-anyktalgan.html