RU

"Хабар" агенттігі түсірген фильмдер циклы ресейлік "Страна" премиясының лауреаты атанды

2019 жылы ҚР Қауіпсіздік комитетінің «Хабар» агенттігімен бірлесе түсірген «Цена покоя» фильмдер топтамасы ресейлік «Национальная Премия «СТРАНА» сайысында «Большая страна» номинациясы бойынша «Шығармашылық ізденіс үшін» дипломымен марапатталды. Кинофильмдер тобы «Цена покоя. Юг», «Цена покоя. Север», «Цена покоя. Восток», «Цена покоя. Запад» деп аталатын деректі фильмдерден тұрады.

«Хабар» Агенттігі түсірген фильмдер циклы Ресейлік «Страна» премиясының лауреаты атанды

Фильмдер сериясы Қауіпсіздік комитетінің 27 жылдық жұмысының жемісті нәтижесін бейнелейді.

Туынды шынайы қылмыстық істерді негізге ала отырып түсірілген. Әрбір сұхбат кейіпкері ретінде оқиғаны өз басынан кешірген азаматтар немесе қойылған талапты орындаушы бөлімше басшылары алынған. Ізденіс барысында түсірілім тобы барлық тарапта – Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыста болып қайтты. Фильмдер атаулары да осыдан шыққан. Әр аймақта журналистер сот арқылы жазасын өтеп жатқандармен кездесіп, терроризмнен бастап, есірткі сатушылықпен айналысқан жандардан сұхбат алған.

Алынған мәліметтер негізінде тұтқындау, арнайы операциялар, жарылыстарды ұқсастыра түсірілген күрделі қойылымдық бейнематериалдар жасалды. Фильмде мұрағат және жедел кадрлар қолданылмаған, ол толығымен эксклюзивтік контентке негізделген.

Жоба басқарушысы – Мадина Бүркітбаева, шеф-редакторы - Галина Алькешова, қоюшы режиссер – Ақылбек Шалжанов, Зухраб Отаров, редакторлар - Әмір Саменбетов, Александра Миличкина.

Анықтама үшін:

«СТРАНА» ұлттық премиясы – ресейлік тележурналист, режиссер, оператор және продюсерлердің жыл сайынғы ашық шығармашылық сайысы. Жобаның өткізіліп жатқанына биыл сегіз жыл толып отыр. Қатысушылар саны Ресей мен ТМД елдерінен шыққан 4000-нан астам адамды құрап отыр.

Премия сегіз номинация бойынша тағайындалады: «Большая страна», «Дневник памяти», «Большая сцена», «Начало», «Общий дом», «Открытие года», «Россия первая».

Қазылар алқасы қатарын Ресей кино саласының белгілі майталмандары Эдуард Сагалаев, Егор Кончаловский, Александр Митрошенков, Оксана Барковская және басқалары құрап отыр.

«Цена покоя. Запад» деректі фильмі

«Цена покоя. Север» деректі фильмі

«Цена покоя. Восток» деректі фильмі

«Цена покоя. Юг» деректі фильмі

*PR құқығында

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845866-habar-agenttigi-tsirgen-filmder-cikly-resejlik-strana-premiasyny-laureaty-atandy.html