RU

Коронавирус жұқтырғандар Алматыдағы пациенттер жайлы жаңа дерек шықты

ӨКҚ өткен брифингте Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қалада жаңадан тіркелген коронавирус деректері жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырғандар Алматыдағы пациенттер жайлы жаңа дерек шықты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұған дейін 16 наурыз күні Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Ол 15 наурыз күні таңғы 6-да Стамбулдан келген, 1986 жылы туған әйел болып шықты.

Азаматша коронавирус бойынша қолайсыз елдердің санатына жатпайтын елден келгендіктен, үй жағдайындағы карантинге жатқызылмаған. Кеше оның сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі таңда әйел адам оқшауландырылған. Онымен байланысқан адамдардың барлығы карантинге жатқызылды.

Бүгін оңтүстік астанада COVID-19 вирусын жұқтырған тағы үш адам анықталды. Олардың бірі 2018 жылы туылған бала.

Ол Куршевель-Берлин-Алматы чартерлік рейсімен келген. Бұл рейс 13 наурызда ұшып жеткен. Барлық борт әуежайдан карантинге алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Бұдан бөлек тағы екі адам бұрын коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Олар қазір жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған.

Барлық пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Венгрияда қазақстандық азаматшадан коронавирус анықталғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845868-koronavirus-zktyrgandar-almatydagy-pacientter-zajly-zaa-derek-sykty.html