RU

Вирусолог коронавирустың жасанды жолмен шығу мүмкіндігін жоққа шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жаңа коронавирустың жасанды жолмен жасап шығарылуы және Уханьдағы вирусологиялық институттан шығып кетуі мүмкін емес. Бұл туралы Қиыр шығыс федералды университеті ғылыми кеңесінің отырсында ҚШФУ биомедицина мектебі микроағзалар экологиясы лабораториясының жетекшісі, профессор Михаил Щелканов мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Маңызды фейк: жаңа коронавирустың құрамында басқа вирустардың екі фрагменті бар, бұл оның жасанды жолмен шыққанын растайды", – деді Щелканов.

Ол коронавирустардың бір-бірімен жақсы құрамдасатынын атап өтті. Айтуынша, бұл оның жасанды жолмен шыққанына ешқалай дәлел бола алмайды.

"Ухань қаласында әлемдегі үздік виросологиялық институттардың бірі орналасқан. Ондағы қызметкерлердің көбісін білеміз. Вирустың ол жерден шығуы мүмкін емес", – деді профессор.

Ол сондай-ақ аталған институттың камералармен жасақталғанын, мекеме халықаралық бақылауда екенін атап өтті.

Маманның айтуынша, Уханьдағы институттың арқасында ғылыми қоғамдастық қысқа мерзім ішінде қандай препараттардың тиімді болатынын болжауға, вирусты анықтау үшін тесттер әзірлеуге мүмкіндік алды

Сондай-ақ вирусолог адамдардың Уханьдағы балық базарында суши жеп, ауруды жұқтырғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Бұл шикі балық болса да, сушиден коронавирус жұқтыру мүмкін емес", – деді профессор.

Еске сала кетейік, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын пандемия деп жариялады.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 32 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Вирусолог коронавирустың жасанды жолмен шығу мүмкіндігін жоққа шығарды
Mailfire view pixel