Выйти
RU

Коронавирус жұқтырған Том Хэнкс емдеу курсынан кейін ауруханадан шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал голливудтық актер Том Хэнкс пен оның әйелі коронавирусты емдеу курсын аяқтап, ауруханадан шықты. 63 жастағы ерлі-зайыптылар жалдамалы үйге 14 күндіу карантинге жіберілді деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Getty Images. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Getty Images. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Том Хэнкс пен Рита Уилсон пандемия кесірінен үрей мен уайымға салынған көпшілікке үміт отын сыйлауда. Ерлі-зайыптылардың инфекцияны жұқтырып алғаны өткен аптада белгілі болды. Алайда, бүгін 17 наурыз күні олардың ресми өкілдері актер мен жары медициналық мекемеден шыққанын хабарлады.

Жұлдызды жұп емдеу курсын австралиялық клиникада өткен болатын. Коронавирус анықталған сәтте Том Хэнкс әйгілі Элвис Пресли туралы фильмнің түсіріліміне қатысып жүрген. Warner Bros. киностудиясының жобасында ол әншінің менеджері Том Паркердің рөлін сомдаған.

63 жастағы ерлі-зайыптылар ауруханада бес күн шамасында болды. Медициналық мекемеден шыққан соң олар жалға үй алып, 14 күндік карантинді сол жерде өткізуді жоспарлап отыр. Том Хэнкс қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне алғыс айтып, оларға бір-біріне қамқор болуға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Том Хэнкс пен оның әйелінен коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырған Том Хэнкс емдеу курсынан кейін ауруханадан шықты