RU

16 адамнан коронавирус анықталды: Нұр-Сұлтан қаласы карантинге жабыла ма

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 вирусын жұқтырудың 16 дерегі тіркелген соң елордалық әкімдік қаланың карантинге жабылуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

нұрсұлтан
Фото: NUR.KZ: Original

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы деректеріне сәйкес, бүгін елордада коронавирус 14 адамнан анықталды. Осылайша, астана бойынша инфекция жұқтырғандар саны 16 адамға жетті.

Бұған дейін Елжан Біртанов егер белгілі бір аумақта COVID-19 жұқтырудың 5 жағдайы анықталса, онда "Б" жоспарына сәйкес, жергілікті билік өңірдің жабылуы туралы шешім қабылдайтынын айтқан болатын.

Осы сауалға қалалық әкімдік жауап берді.

"Қаланың жабылуы туралы шешім науқастар санымен емес, олармен байланыста болған адамдар санымен байланысты. Карантин жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп "болуы мүмкін" деп айқан болатын.
Егер қаланы жабу туралы шешім қабылданса, онда тұрғындарды әкімдік немесе Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ресми түрде хабардар ететінін өз тарапымыздан айтамыз.
Өйткені бас санитар дәрігер тиісті шешім қабылдауы керек. Ал ол Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына кіреді", - деді Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845877-16-adamnan-koronavirus-anyktaldy-nr-sltan-kalasy-karantinge-zabyla-ma.html