RU

"Аэрофлот" Қазақстанның сегіз қаласына рейстерін тоқтатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жаңа коронавирустың таралуына байланысты Ресей әуекомпаниясы Қазақстанға, Черногория мен Кипрге рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдады. Тоқтатылған рейстерге сатып алынған билеттерді қайтаруға немесе басқа уақытқа ауыстыруға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аэрофлот" Қазақстанның сегіз қаласына рейстерін тоқтатты

Көрнекі фото: vladtime.ru

Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, ресейлік әуе компаниясы қазақстандық сегіз қалаға рейстерді тоқтатқан.

Олардың арасында Астана, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент және Атырау қалалары бар. Компанияның ұшақтары осы бағыттар бойынша 22-23 сәуірге дейін рейстерді орындамайды.

Компанияда клиенттердің билеттерді қайтаруға мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Мұны жыл соңына дейін жасау керек.

Сондай-ақ, қажетті жеріне ұша алай қалған саяхатшыларға ұшу үшін басқа күнді таңдау ұсынылды.

Сонымен қатар, клиенттер тек жөнелту күнін ғана қоймай, өз маршрутын да өзгерте алады.

Рейстер кестесі туралы ақпарат компанияның сайты мен ресурстарында қолжетімді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде COVID-19 вирустық инфекциясын жұқтырғандар саны 93-ке жеткенін, олардың төртеуі дерттен айыққанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Аэрофлот" Қазақстанның сегіз қаласына рейстерін тоқтатты
Mailfire view pixel